ҚАУІПСІЗДІК СТАНДАРТ РЕТІНДЕ

Әр жүргізуші руль тізгінінде өзін бастан аяққа дейін сенімді сезінуі керек. Алдыңғы қатарлы жүйелер мен жүргізу көмекшілері сізге қауіпсіздік мәселелерін уайымдамай, межелі орынға жетуіңізге көмектеседі.

Қайнап жатқан қала көшелерінде қауіпсіз көлік айдау – оңай. GV80 жолда сіздің қауіпсіздігіңіздің қамын жасайтын технологиялармен жасақталады.

Жол қиылыстарында соқтығысуларды алдын алудың екінші буын жүйесі

Бұл жүйе жол қиылысынан өтіп бара жатқанда, сол не оң жақтағы көлік құралдарымен соқтығысу қаупі туындағанда іске қосылады. Алдымен ол жүргізушіге ескертеді. Егер осыдан кейін қауіп деңгейі төмендемесе, апаттың алдын алу үшін тежегіш механизмдер автоматты түрде іске қосылады.

Екінші буынның тұрған қозғалыс жолағында автокөлікті ұстап тұру жүйесі
img

Автомагистральмен қауіпсіз

Автомагистральмен қауіпсіз қозғалыс тіпті жоғары жылдамдықтарда немесе қарқынды трафик жағдайларында ешқашан осындай оңай болмаған. Бұл – интеллектуалды көмекшілердің арқасы.

Қатар ауыстыру кезінде көмек функциясы бар, екінші буынның автомагистраль бойынша жүргізу көмекшісі

GV80 дәл сіз сияқты жүргізу үшін және алдыда келе жатқан көлік құралына дейін қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін сіздің әдеттеріңізді және жүргізу мәнеріңізді жадта сақтайды. Бұл жүйе тіпті бұрылыстарда да жүріп бара жатқан жолақта автокөлікті ортасына қарай ұстауға көмектеседі.

Навигация базасындағы интеллектуалды круиз-контроль (NSCC)
img

Автотұрақ қауіпсіздігі

Тұраққа қою кезінде қауіпсіздік ең маңызды мәселе, сол себепті сіздің тұрақ орнын табуда немесе орнына оқыс оқиғаларға тап болмай шығуға зейін қоюыңыз маңызды.

Айнала шолу жүйесі (SVM)

Жүргізу және тұраққа қою кезінде айналаны бақылауға мүмкіндік береді. Айнала шолу камераларынан кескінді My Genesis қолданбасы арқылы смартфон экранына шығаруға болады.

Қашықтан басқару функциясы бар екінші буының автоматты тұрақ жүйесі (RSPA 2)
Артқы жүріспен тұраққа қойған кездегі соқтығысулардың алдын алу жүйесі (PCA)
img

Қоршаған ортаның қауіпсіздігі

Қоршаған ортаның қауіпсіздігі жүргізушіні, жолаушыларды және жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қорғайтын жүйелер есебінен артады.

10 қауіпсіздік жастығы

Бүкіл салонда орналасқан қауіпсіздік жастықтары соқтығыс болған жағдайда жүргізуші мен жолаушылардың тек автокөлік компоненттеріне ғана емес, сондай-ақ бір-біріне соқтығысу соққысының күшін барынша азайтады. Gv80-да ЖКО көзінде жүргізуші мен жолаушының бір-біріне соқтығысуының алдын алатын алдыңғы қатарында орталық қауіпсіздік жастығы бар.

Бас жарықты интеллектуалды басқару жүйесі
img

ЖАЙЛЫ САПАРЛАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯ

Түйсікпен түсінікті, жайлылықты арттыру жүйелерінің арқасында GV80-мен болашаққа қарай бет алу оңай әрі ыңғайлы.

Дисплей

Дисплей қозғалыс кезінде ақпаратты қауіпсіз оқудың анағұрлым ыңғайлы тәсілін ұсынады.

27 дюймдік OLED дисплей

Мультимедиалық жүйе функционалымен (AVN) аспаптар комбинациясын біріктіреді. Бөлектелген дисплейлермен салыстырғанда, экранның жалпы ауданы 30 %-ға үлкен. Ол жүргізушіге маңызды ақпаратты, навигация жүйесінің және жүргізу көмекшілерінің хабарландыруларын көрсетеді. Ал дауыстық пәрмендерді тану жүйесі климаттық қондырғыны, электрлік әйнеккөтергіштерді және басқа да функцияларды, экранға жанаспай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.

Салонның цифрлық артқы көрініс айнасы
Genesis кіріктірілген контроллері
img

Аудиожүйе

Аудиожүйе автокөлік салонында қалаған акустикалық атмосфераны жасауға көмектеседі.

Bang & Olufsen премиум аудиожүйесі

Сән-салтанат дегеніміз жақсы ғой, әсіресе автокөлік үшін арнайы әзірленген премиум Bang & Olufsen аудиожүйесімен. Алюминийден G-Matrix стилінде әзірленген фирмалық торлары бар динамиктерден бай әрі қанық дыбыс шығады. Пайдаланушы Comfortable, Bright, Active және Warm дыбыстық режимдерін таңдай алады. Бұған қоса, көлемді дыбысталу параметрлерін жекелей қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс арқылы баптауға болады.

ЖОЛ ШУЫЛДАРЫН БЕЛСЕНДІ БӘСЕҢДЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (ANC-R)
img

Климаттық қондырғы

Климаттық қондырғы автокөлік салонында кез келген қызықты оқиғалар үшін мінсіз климаттық жағдайды жасауға мүмкіндік береді және ауа сапасын басқарады.

Ауаны тазалау жүйесі

Салондағы ұсақ тозаң мөлшерін барынша азайтады. Арнайы датчиктер салондағы ауа сапасын басқарады және алынған деректерді ақпараттық ойын-сауық жүйесінің дисплейіне шығарады.

Климат-контрольді басқаратын сенсорлық панелі
img