Еш күшсіз. Нық сеніммен. Genesis G90.

Еш күшсіз. Нық сеніммен. Genesis G90.

Толық өлшемді флагман-седан. G90 ішінде – жүргізушіге басқару ыңғайлылығын барынша арттыратын және жолаушыларға жайлылық сыйлайтын өнімділік пен технологияның ерекше теңгерімі. Мұның бәрі әрбір сапар сәтін жаңа әрі әсем әсерге айналдыратын дизайнмен көмкерілген.

КҮШ ПЕН БЕДЕЛ ӘРБІР ҚЫРЫНАН

КҮШ ПЕН БЕДЕЛ ӘРБІР ҚЫРЫНАН

G90 сыртқы бейнесі сән-салтанатты жаңа қырынан ұсынады. Массивті Crest Grille радиатор торы мен тұтас Clamshell Hood капоты бүйірдегі параболалық сызықпен үйлесімді жалғасып, қуатты әрі теңдестірілген артқы бөлікпен аяқталады.

Crest Grille торы мен қос қатарлы фаралар модельдің салтанатын айшықтайды. Crest Grille торы көпқабатты сәулет стиліндегі қос G-Matrix өрнегін біріктіреді; MLA (Micro Lens Array) екі сызықты фаралары бір мезгілде ДХО, бұрылыс шамы, жақын және алыс жарық қызметін атқарады.

Clamshell Hood

Clamshell Hood

Clamshell Hood капоты – біртұтас панель, ол капот пен қанаттарды біріктіріп, панельдер арасындағы саңылауларды жойып, G90-ға тән аэроқисынды дизайн береді.

Терезелер

Терезелер

Терезелер артқы орындықтар үшін ашықтық пен оңашалық сезімін тудырады.